EXPO-KZ.KZ Казакша
Kazakh (Kazakhstan)Русский (Russian Federation)English (United Kingdom)
17 маусым күні Қазақстан Республикасы  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде «АММ» ұйымдастыру  комитетінің бесінші отырысы болып өтті.
«Expo.kz»-тің атқарушы дирекциясы мен жауапты ұйымдастырушылар «АММ-2011» конгресіне дайындық туралы есеп берді. Отырыста дөңгелек үстелдердің қорытынды бағдарламалары ұсынылып, Форум бағдарламасы және Көрмені толықтыру бағдарламасы бекітілді.   
«АММ» ұйымдастыру  комитетінің   отырыстары айына 1 рет Қазақстан Республикасы  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде өтеді. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Альберт Павлович Рау Ұйымдастыру комитетінің саланың орталық оқиғасы «АММ-2011» Конгресін дайындауда жүйелі және жемісті еңбек еткен Ұйымдастыру комитетінің барлық қатысушыларына алғыс айтты.


Конгресс іс-шараларының бағдарламасы және Форум бағдарламасы

Құрметті «АММ-2011» Конгресіне қатысушылар!
Ұйымдастыру комитеті Сіздерге 5-ші отырыста Конгресс іс-шараларының бағдарламасы бекітілгенін хабарлайды.  «АММ-2011» Конгресі   4 - 6 шілде аралығында Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында өтеді.   Форум  4 шілдеде болады.   PwC-тің шеберлік сағаты және Конгрестің бірнеше дөңгелек үстелі 5 шілдеде өтеді.    
АММ көрмесі  екі күн бойы (4 және 5 шілдеде) жұмыс істейді. 6 шілде күні барлық қатысушылар үшін Астана қаласында мәдени бағдарлама ұйымдастырылады.  
«АММ-2011» Форумы Пленарлық отырыстан және негізгі үш   сессиядан тұрады.
Форумның VIP-спикерлері ретінде қатысатынын растағандар :

Нұрсултан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті  
Әсет Исекешев – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Альберт Рау – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші вице-министрі  
Ксавье Роле -   London Stock Exchange Group бас директоры
Лоуренс Фок - Hong Kong Exchanges and Clearing Limited маркетинг жөніндегі бас маманы
Танер Илдиз - Түркияның Энергетика және табиғи  ресурстар  министрі
Андреас Беир - ThyssenKrupp басқарушы директоры
Крис Уэлтон - Орталық Азиидағы геологиялық барлау жұмыстарының жетекшісі, Rio Tinto
Рейко Фуджита -   Toshiba Corporation Энергетикалық және өнеркәсіптік қызменттерді зерттеу және дамыту жөніндегі орталықтың аға ғылыми қызметкері
Франк Паннир - «АрселорМитталдың» вице-президенті, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры
Никола Попович - «Қазцинк» АҚ басқарма төрағасы
Феликс Вулис -  ENRC бас атқарушы директоры
Эдуард Огай - «Қазақмыс» ЖШС басқарма төрағасы

сондай-ақ басқа да адамдар.
 
Почта

Іс-шаралар күнтізбесі

Яблоко
КҮНІ 2012 жылдың 4 наурызда
KIOSH
КҮНІ 2012 жылдың 26-27 сәуірде

ДАТА Маусым 2012
Яблоко
КҮНІ Маусым 2012
AMM
КҮНІ 2012 жылдың 4- 6 шілдесінде
Яблоко
КҮНІ Қазан 2012
Яблоко
КҮНІ Желтоқсан 2012