EXPO-KZ.KZ Казакша
Kazakh (Kazakhstan)Русский (Russian Federation)English (United Kingdom)
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан 21 ғасырда жетекші металлургиялық орталықтардың бірі ретінде өзінің мәртебесін бекітеді»

Астана қаласында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшылығында 2-ші Astana Mining & Metallurgy 2011 (АММ-2011) тау-кен металлургия конгресі жұмысын бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев конгреске қатысушыларға өз сәлемдемесін жіберді, оны ҚР Премьер министрі Кәрім Мәсімов «Жылдам даму үстіндегі экономикалардың ТМК: инновация арқылы көшбасшылыққа!» тақырыбындағы салалық Форумда баяндама жасау барысында оқып берді.

«Құрметті форум қатысушылары, 2-ші Халықаралық тау-кен металлургия конгресі тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында өтіп жатыр. Бұл жылдарда металлургия жоғары даму қарқынын көрсетіп, қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып келді. Қазіргі таңда оның үлесіне Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 7 пайызы, жалпы өнеркәсіп өндірісінің 17 пайызы және экспорттың 20 пайызы тиесілі. Бүгін металлургтердің алдында жаңа міндеттер тұр, Қазақстанда Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Жақын жылдарда өнеркәсіпті түбегейлі жаңғыртамыз және он мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашамыз, геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыруды арттыру маңызды қадам болып табылады, мемлекет пен бизнестің келісе әрекет етуімен барлық алға қойылған мақсаттарға жете алатынымызға сенімдімін. 21 ғасырда Қазақстан өзінің жетекші металлургиялық орталықтардың бірі ретінде мәртебесін бекітеді. Бүгінгі конгрес Қазақстанның ТМК дамыту бойынша жаңа ұсыныстар әзірлеуге және бар әлемнің бизнесі арасында байланысты кеңейтуге себепші болатына сенімдімін» - делінген Елбасының сәлемдемесінде.

Форум басталар алдында қатысушыларға Қазақстан Президентінің «ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы» кітабы таныстырылды. Бұл кітап Президенттің алдыңғы еңбектерінің жалғасы және 2012 жылы өтетін «Рио-20» Дүниежүізілік тұрақты даму саммитіне өзіндік жолдауы болып табылады. Осындай кейпінде ЕурАзЭЫ елдері және әлемнің жаһандық энергетикалық және экологиялық қауіпсіз дамуының қалыптасуы мәселелерін әдістемелік және теоретикалық зерттеулердің топтамасының аяқталуы болып келеді. Монографияда XXI ғасырда жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясының негіздері ұсынылған. Қазақстанның, ресейдің ғалымдары, саясатшылары, сондай-ақ түрлі елдердің мамандары ұсынған жаһандық энергетикалық дамуды қалыптастыру әдістерін қолдана отырып, кітап авторы әлемдегі энергоэкологиялық жағдайды және оның XXI ғасырдағы өзгерісін талдап, жаһандық энергоэкологиялық стратегиясын жүзеге асырудың жолдарын ұсынған. Бұл әдістер, Қазақстанның және ЕурАзЭЫ басқа елдерінің энергоэкологиялық дамуының нақты схемаларымен және алгоритмдерімен сипатталған. «Жаһандық энергоэкологиялық стратегияның мәселелерін Н.Назарбаев жалпы әлемдік заманауи тенденциялар контекстінде баяндаған. Заманауи ғылымда, бұл проблематиканың әзірленуінде бұндай жағдай – бірінші және мүлдем жаңа. Сондықтан біз, бұл стратегия, оның жағдайы және әзірленуі ірі заманауи, жаһандық мәселелерді шешу конктестінде өте маңызды деп ойлаймыз»,- деді кітаптың тұсау кесер салтанатында Ресей ғылым академиясының Вице Президенті Анатолий Спицын. Тұсау кесерде сондай-ақ Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті Н.Абықаев, ҚР Премьер Министрі орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев, ҚР Парламентінің Сенат депутаты А.Башмаков, МИСиС ұлттық технологиялық зерттеу университетінің президенті Ю.Карабасов (Ресей), «Қазатомпром» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы В.Школьник, және басқа да шығармашылық және ғылым интеллегенциясының, іскер қауымдастық, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Өз кезегінде Қазақстанның Премьер Министрі К.Мәсімов Форум қатысушылары алдында баяндама жасау барысында, Қазақстанда тау-кен металлургия кешенінің 2014 жылға дейінгі салалық даму бағдарламасының қабылданғанын және жүзеге асып жатқандығын атап өтті. Бағдарламада Премьердің сөзі бойынша, «нақты инвестициялық жобалар белгіленген, инвестиция тарту үшін бос перспективалық жобалар анықталған, нақты нәтижелер де бар».

«2010 жылдың өзінде индустриализация картасы бойынша елімізде 150 жаңа кәсіпорын және 23 мың көп жұмыс орны ашылды. Осы жылы 730 млн. теңге сомасында 200 жобаны іске қосу және 40 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.»- деді К.Мәсімов. Оның берген ақпараты бойынша ҮИИДЖ жобаларына барлығы 1,5 триллион теңге бөлінген. «Біз, ТМК жаңа инвестиция салудың жоғары тәуекелді, көп капитал талап ететін және ұзақ мерзімді шара екенін анық білеміз, бірақ біз оның бәсекеге деген қабілетін арттыру үшін күресуіміз керек, күресеміз де» - деді Премьер Министр. Плерлық отырысқа қатысқан «Самұрұқ Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдан Карибжанов, Қазақстанның тау-кен металлургия саласының әлемдік көшбасшыларымен бір қатар біріккен кәсіпорындар ашуға ниетті екендігін айтты.

«Бүгін ТМК шикізат және біріншіл металдың экспортына бағытталған. Жақын мерзімдегі міндет – өңдеу өндірістерін көбейту, Қазақстанда қосымша құнды арттыру, қазақстандық құрамды кеңейту. Бұл үшін қор нарығының дамуы қажет. Бірақ біз, халықаралық компанияларсыз ештеңе істей алмаймыз, себебі ынтымақтастық – бізге керекті жаңа қазба, өңдеу технологиялары деген сөз. Сондықтанда біз әлемдік көшбасшылармен осы салада бір қатар біріккен кәсіпорындан ашқымыз келеді» - деді А.Карибжанов. Ол жер қойнауының иес елмен, жер қойнауын пайдаланушы компания арасындағы қарым қатынаста қиындықтар туындауы мүмкін екендігін айтты. «Осыған орай біз, ресурстық қорымызды дамыту үшін мөлдір және анық ойын ережелерін дайындауымыз керек. Осыған байланысты арнайы геологиялық компанияның құрдық, ол компания Қазақстандағы жалпы геологиялық жұмыстардың және геологияның дамуының қозғаушы күші болады.» - деп қосты А.Карибжанов.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы делагациясының басшысы, елщі Норбер Жюстен, қазіргі таңда Еуропалық одақтың Қазақстанмен ынтымақтастық және серіктестік туралы жаңа келісімді қарастырып жатқандығын айтты. Бұл келісімде Қазақстанның тау-кен металлургия саласында ынтымақтастық көп орын алады. Бұл ретте шикізатты қауіпсіз өндіру, саладағы энерго үнемдеуші технологиялар және қазақстандық шикізаттың ЕО нарығына кедергісіз енуі мәселелеріне көңіл бөлінген. «Абыржу тудырып отырған мәселе кейбір елдердің шикізат нарығына белгілі ойыншыларға ғана жол ашуы. Бұл жаһандық нарықта бұзушылыққа әкеледі, бұған қоса шикізат жеткізілімінде белгісіздіктерге жол ашады» - деді елші.

«Абыржу тудыратын мәселе, кейбір елдердің шикізат нарығына белгілі бір компанияларға ғана жол ашуы. Бұл жаһандық нарықта бұзылуға әкеледі, сонымен қатар шикізат жеткізілімінде белгісіздікке жол ашады»-деді елші.

Бұл арада Ресей Федерациясы қаржы-өнеркәсіптік топтарының ассоциациясының президенті және кеңес төрағасы Олег Сосковец, Қазақстан және Ресей металлургиялық кәсіпорындары ЕО нарығында қысымға ұшырауда деп есептейді.

«ТМД елдерінің Жалпы ішкі өнімі, оның ішінде Еуразиялық Экономикалық ынтымақтастықтың, Еуропалық одақпен салыстырған өте аз. Ол қазіргі уақытта бәсекеге қабілетті бола алмайды, тек қана Кедендік одаққа кіруші елдердің бұдан арғы экономикалық ынтымақтастықтағы интеграциясы, және болашақтағы Бірыңғай экономикалық кеңістік, әр елдің алдында тұрған күрделі мәселелерді – жұмыс орнын ашу, еңбек өнімділін арттыру және металлургия өнімдерін тұтынушы машина құрылысы қорын дамытуға қатысты мәселелерді шеше алады.» - деді Сосковец.

Ол Еуро Одақ нарығында Ресей, Қазақстан және Украйна елдерінің металлургиялық өнімдерін жеткізуге қойылған квота өте аз деп есептейді.

Қазақстанның металлургиясының жағдайын айта отырып, Олег Сосковец ҚР Үкіметінің көмегімен металлургиялық компаниялар өндірістерін сәтті жаңғырту үстінде, өнім сапасын арттыруда деді. Оның ішінде ол мысал ретінде Қарағанды металлургиялық комбинатын келтірді, ол жерде «Арселор Миттал» компаниясы өндірісінің тиімділін едәуір арттырған.

ҚР Индустрия және жаңа тенологиялар вице министрі Альберт Рау, «Тау-кен кешенінің мемлекеттік реттеуі: тиімді жолдау және оң тәжірибе» тақырыбындағы бірінші сессиясында баяндама жасау барысында, ТМК өнімдері бүгін Қазақстан экспортының 20 пайызын құрағандығын айтты.

«Өткен жылы бұл 8 миллиард АҚШ долларын құраған, дағдарыстан кейінгі 2009 жылымен салыстырғанда 39 пайыз көп» деді А.Рау.

Сонымен қатар бірінші Вице министр, үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында салалық бағдарламалар әзірленгендігін, олардың ішінде басым сала тау-кен металлургия кешені екендігін айтты.

Форум аясында «Әлемдік тау-кен металлургия саласының шоғырлану болашағы», «Тау-кен металлургия саласының мемлекеттік реттелуі: тиімді жолдары және оң тәжірибесі», «Инновация және ғылыми әзірлемелер – ТМК кешенді мәселелердің шешу жолдары», «Метал және капитал нарығынжа белсенделікті қалпына келтіру» тақырыптарында пікірталастар өтті.

АММ-2011 салалық форумы нақты нәтижемен аяқталды – «Тау-Кен Самұрұқ» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ және Radington Industrial Consulting s.r.o. (Словакия) компаниясы арасында Қарағанды облысындағы Алайғыр қорғасын кен орнын игеру жобасын бірлесе жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастық негіздері туралы келісімге қол қойылды. Тараптар біріккен кәсіпорын құрады.

Жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру аясында тараптар жобаның барлық кезеңдерінде, зерттеу, жобалау, құрылыс және пайдалану жұмыстарында мердігер ретінде қазақстандық компанияларды тартуды қамтамасыз ету; пайдалы қазбаларды қазба жұмыстарына заманауи қазба және өңдеу технологиялары және еуропалық инвестициялар тартуды, сондай-ақ техника және құрал-жабдықты қаржы-экономикалық және технологиялық мақсаттарына сәйкес жетекші өндірісшілерден алуды қамтамасыз етеді.

«Тау-Кен Самұрұқ» АҚ Қазақстандағы тау-кен активтерінің ұлттық операторы болып табылады және «Самұрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ құрамына кіреді.

АММ-2011 конгресінің бірінші «Алтын Гефест» салалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау кешімен аяқталды. Жалпы 10 аталымда (Жыл адамы, Кәсіби маман-Практик, Ғалым-Педагог, Жыл жобасы, Жыл инвесторы, Үздік экологиялық бағдарлама, Үздік инновациялық бағдарлама, Үздік журналистік жұмыс, Үздік студенттік дипломдық жұмыс, Отан мақтанышы) және арнайы 1 аталымда (Жыл жетістігі – шағын және орта бизнес) кәсіби мамандар және компаниялар анықталды.

Жеңімпаздар:

Жыл адамы - Еділбаев Ибрагим Баймұратұлы

Кәсіби маман-Практик - Аханов Талғат Мұзафарұлы

Ғалым-Педагог - Цеховой Алексей Филиппович

Жыл жобасы - АрселорМиттал Теміртау

Жыл инвесторы - ENRC PLC

Үздік экологиялық бағдарлама - "Қазцинк" ЖШС

Үздік инновациялық бағдарлама - "Төрт-Құдық" ЖШС

Үздік журналистік жұмыс - Шевченко Виктория Альбертовна

Үздік студенттік дипломдық жұмыс - Байдурина Гульнара и Абаева Милана

Отан мақтанышы - "Волковгеология" ЖШС

Жыл жетістігі - "Allies Industrial" ЖШС



АММ – 2011 конгресі аясында салалық көрме өтті, ол жерде алтын, инновация, білім беру және сервис сегменттерінде жетістіктер ұсынылды. Көрмеге 10 елден 85 компания қатысты.

Қосымша ақпарат үшін хабарласыңыз:

АММ конгресінің медиа директоры

Ляззат Коккозова Данный адрес e-mail защищен от спам-ботов, Вам необходимо включить Javascript для его просмотра.

Астана қ.: Айнұр Мұқанова, PR менеджері

Моб.:+ 7 777 036 18 66; Тел.:+7 (7172) 24 06 56;

Данный адрес e-mail защищен от спам-ботов, Вам необходимо включить Javascript для его просмотра.

Алматы қ: Гульзия Асылбекова PR менеджері

Моб.:+7  701 757 84 34; Тел.:+7 (727) 258 10 11;

Данный адрес e-mail защищен от спам-ботов, Вам необходимо включить Javascript для его просмотра. .
 
Почта

Іс-шаралар күнтізбесі

Яблоко
КҮНІ 2012 жылдың 4 наурызда
KIOSH
КҮНІ 2012 жылдың 26-27 сәуірде

ДАТА Маусым 2012
Яблоко
КҮНІ Маусым 2012
AMM
КҮНІ 2012 жылдың 4- 6 шілдесінде
Яблоко
КҮНІ Қазан 2012
Яблоко
КҮНІ Желтоқсан 2012