EXPO-KZ.KZ Казакша
Kazakh (Kazakhstan)Русский (Russian Federation)English (United Kingdom)
5 шілде 2011 ж., Астана
АММ-2011 екінші күні ТМК инновация, кадр және бизнес серіктестіктің озық тәжірибесіне арналды

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшылығында өтіп жатқан "Astana Mining & Metallurgy 2011" (АММ-2011) Халықаралық тау-кен металлургия конгресінің екінші күнгі жұмысы халықаралық салалық ассоциациялар үшін ұйымдастырылған «Шоғырлану. Серіктестік. Даму» және «ТМК үшін кадрлер» алқалы отырыстарымен басталды.

Олардың біріншісінің жұмысын ашу барысында индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице министрі Альберт Рау, қолданыстағы заңдарға сай, заң жобаларының және нормативтік-құқықтық актілердің білікті сараптамасын бизнес-ассоциациялар жүзеге асырады, онсыз кәсіпкерлікке қатысты бірде бір заң қабылдана алмайтындығын еске салды. А.Раудың сөздері бойынша «Бұл процедуралық тұрғыдан министрліктің жұмысын қиындатса да қателердің алдын алуға мүмкіндік береді».

Оның ақпараты бойынша Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанында 19 салалық ассоциация аккредиттелген. Өткен жылы салалық одақтар бірінші рет мемлекеттен эксперттік жұмыстарды атқаруға әлеуметтік тапсырыс түрінде қаржы алды. Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице министрі ассоциациялардың өкілдерін бұған қоса индустриализациялау бағдарламасының жүзеге асыру барысын қадағалауға шақырды.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰЭП Басқармасының төрағасы Азат Перуашев, Австрия, Германия, Ресей, ТМД елдерінің ұқсас кәсіпкерлік бірлестіктердегі әріптестерін Қазақстанға инвестиция салуда белсенділік танытуға шақырды: «Қазақстанда ең жақсы бизнес орта қалыптасқан. Бұған қоса Кедендік одақтың құрылуымен Қазақстанның кішкентай ішкі нарығы 11 есе көбейді. Бұл инвестор үшін салмақты аргумент».

Республикалық тау қазба және тау-кен металлургия кәсіпорындары ассоциациясының атқарушы директоры Николой Радостовец, Кедендік Одақтың құрылуына оң баға берді: «Кедендік одақ қазір шекараларды алып тастайды. Бізде тауарларды сатуға байланысты туындаған мәселелер болған болса, ол техникалық мәселеден болатын. Қазір біз, кеншілер және тау-кен металлургия саласы Кедендік одаққа оң баға берді деп айта аламыз. Біз үшін бұл тиімді».

Н. Радостовец Қазақстан салық заңнамасы бойынша Ресейге қарағанда либерал деді: «Біз қазір қазақстандық тау-кен металлургия саласына ресейлік капиталдың келуін көргіміз келеді, себебі Қазақстандағы салық заңнамасы, бірыңғай алаң табуға мүмкіндік беруде».

Шет елдік әріптестеріне салалық ассоциациялардың Қазақстанда қалай жұмыс істейтінін таныстырған Николай Радостовец, ЕО, Ресей, ТМД елдеріндегі ассоциациялардың билікпен қарым қатынасы бойынша, кәсіпкерлердің мүдделерін мәдени лоббилік ету тәжірибелерімен бөлісулерін сұрады. Бұған қоса қазақстандық тарап бизнес бірлестіктердің қызметінің ұйымдық мәселелеріне қызығушылық танытты: құрылымы, басқару органдары, қаржыландыру қайнарлары, лобби туралы заңдар.

Австрия түсті металлургия ассоциациясының басқарушы директоры Роман Штифнер, елдеріндегі шағын бизнес ассоциациялардың ірі одақтар болып бірлескендіктерін, өз кезегінде одақтардың салалардың мүдделеріне ресми Венада ғана емес, сондай-ақ Еуропалық одақтын құрылымдарында өкілдік ететіндігін айтты. Штифнер мырза басқаратын құрылымның міндеті, ЕО елдерінде күші бар кәсіп одақтармен ынтымақтастық, сонымен қатар еңбек қарым қатынасы және әлеуметтік кепілдікке қатысты заңдардың әзірлену жұмыстарына қатысу болып табылады. Бұдан басқа австриялық бизнес ассоциациялар мүшелеріне арнайы статистика, нарық шолулары, білім беру және кәсіби біліктілік стандарттарын әзірлеу сияқты эксклюзивті қызметтер ұсынады.

Орта Азиядағы Германия экономикасы өкілдігінің басшысы Йорг Хетчдің сөздері бойынша Германияда, бизнес ассоциациялар мүшелеріне түрлі қызмет түрлерін ұсынады, алайда негізгі күн көрісі мүшелердің төлейтін жарнасынан қалыптасады. Бизнес ассоциациялардың қызметіне мемлекеттің қаржылай қатысуының жалғыз жолы бар – ол неміс тауарларын әлем нарығына шығаруға қатысушы сауда-өнеркәсіптік және кәсіпшілік палаталарына қолдау көрсету. Германияда барлық кәсіпорындар ассоциацияның мүшелері болуға міндетті. «Ықтиярсыз мүшелік кәсіпкерлердің бәріне ұнай бермейді. Бірақ бұлай болмаған жағдайда шағын бизнес, лоббизм мүмкіндіктері көп ірі бизнеспен бәсекелестікте тірі қалмас еді. Бірақ жеңілдік те бар: мысалға жаңа компаниялар белгілі бір мерзімге мүшелік жарна төлеуден босатылған».

Ресей тау-кен металлургия кешені өнеркәсіпшілері ассоциациясының атқарушы директоры Алексей Окуньков, бірнеше жүз ресейлік компаниялардың тиімді бизнес климатына орай Қазақстанға көшкендігін айтты. Ол сондай-ақ Мемлекеттік думамен, Ресей Федерациясының үкімет және аймақтық биліктерімен сәтті қарым қатынас орнатқан ТМКӨА жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Окуньков мырза ассоциациясының Ресейдің әлеуметтік-еңбектік қатынасты реттеу бойынша үш тарапты комиссияның жұмысына қатысу тәжірибесімен бөлісті: «РФ тау-кен металлургия кешенінде қалыптасқан тік бойынша «Бас келісім – салалық тарифтік келісім – аймақтардағы үш тарапты комиссия келісімдері» жұмысы соңғы 8 жылда салада әлеуметтік – экономикалық күйзелістерден құтылуға мүмкіндік берген».

«Шоғырлану. Серіктестік. Даму» алқалы отырысының қорытындысы бойынша ассоциациялар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«ТМК үшін кадрлер» отырысының қатысушылары да жұмыстарын кадрлер жөніндегі салалық кеңес (КСК) құру қажеттігі туралы меморандумға қол қоюмен аяқтады. Кадрлер жөніндегі салалық кеңеске мемлекеттік органдардың, білім беру құрылымдары және жұмыс берушілердің өкілдері кіреді деп күтілуде. Салалық кеңес ТМК үшін қажетті кадр мәселелерінің шешіміне жүйелі жол ұсынуы керек. Қол қоюдың алдында бұндай құрылымның қажеттігі, ТМК үшін басқарушы міндетін дамыту жүйесін әзірлеу мүмкіндіктері, сонымен қатар саланың дәстүрге айналған өзекті жер қойнауын пайдаланушы, мемлекеттік органдар және Қазақстандық білім беру мекемелердің өзара қатынасы мәселелері тақырыбында қызу пікірталастар болды.

Пікірталастың қатысушылары айтқандай, жер қойнауын пайдаланушылардың контракттерінде міндетті түрде жыл сайын жергілікті бюджетке өнеркәсіпке керекті қазақстандық кадрлерді дайындау және дамытуға 1 пайыздық қаражат бөлу бекітілген. Алайда, «ENRC Kazakhstan» ЖШС корпоративтік байланыс жөніндегі басқарушы директоры Майра Қуандықованың сөздері бойынша, әр контрактте бұл пайыз әр түрлі жарнау көрсеткіштерінен есептеледі - EBITA, CAPEX және басқа да көрсеткіштер.

«Жер қойнауын пайдаланушылар табыстарының 1% қазақстандық жұмысшылардың білім алуына бөледі. Бірақ бұл білімге қойылатын бірыңғай талап еш жерде жазылмаған..Шет елдік компанияларға жергілікті жұмысшылармен жұмыс істеу тиімді, бірақ біздің Қазақстанда, өкінішке орай, бұндай кадрлер жеткіліксіз. Себебі инвесторлар жоғары технологиялармен жұмыс істейді, ал оларды басқара білу керек» - дейді Қуандықова.

Халықаралық бизнес академиясының президент – ректоры Асылбек Қожахметов, инновациялық экономиканы дамыту үшін, еліміз тек қана инженерлік-техникалық мамандардың дайындығы ғана емес, сонымен қатар инновацияны енгізу процесін басқаратындарды дайындау бойынша да қам қылу керек деп есептейді.

«ХБА ірі ТМК компанияның басқарушыларды дайындау ұжымдық бағдарламасына қатысты, 4 жылдың ішінде компанияның 30 вице президенті МВА бағдарламасы бойынша, 120 адам мини МВА бойынша және 600 адам стандарт менеджмент бойынша оқытылды. Барлығына 1,8 миллион доллар қаражат жұмсалды. Қандай нәтиже берді? Аталған компанияның корпоративтік байланыс жөніндегі басқарушы директорының бағасы бойынша, жоба қатысушыларының инновациялық әзірлемелерді енгізулері 30 миллион долларлық жиынтық экономикалық нәтиже берген. Бұл сандарды салыстырудың мағынасы бар шығар?» - дейді А.Қожахметов.

Ол Индустрия және жаңа технологиялар министрілігіне жетекші елдердің бірнеше білім беру мекемелері мен ТҰК баруды да қамтитын инновациялық менеджмент бағдарламасы бойынша жоғары және орта буын менеджерлерді дайындайтын «Қазақстанның индустриалды инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға 1000 менеджер» жобасын қарастыруды ұсынды.

Көшбасшылық және басқарушылық коучинг алаңында халықаралық маман Джеймс Кларк «Егер дұрыс жүзеге асырылатын және қолданылатын болса, басқарушы кадрлерді дайындау, ұйымның маңызды стратегияларды жүзеге асыруында көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ стратегияны дайындау процесіне қажетті ресурстар да беретіндігіне» - сенім білдірді.

Ол «Егер Президенттің Қазақстандағы мақсаттарының орындалғанын қаласақ, қызметкерлердің және басшылардың әлеуетін басқару сияқты және басқа да маңызды факторларды қоса, барлық күш жігерімізді салуымыз қажет» деп есептейді.

«Білім экономикасы индексі KEI (The Knowledge Economy Index)» 2009 жылы зерттеуінде Қазақстан жалпы ішкі өнім бойынша Ресей, Малайзия және Чили елдерімен бір деңгейде (6-дан көп) болғанымен, білімді экономикада қолдану деңгейі бойынша бұл елдерден 2 есе қалыс қалғанбыз (4-ке жуық) және Ямайканың деңгейіндеміз. Сондықтанда ЖІӨ деңгейін ғана ойламай, индустрияның жүйелі дамуы туралы да ойлауымыз керек. Бұл үшін университет, бизнес және билік бір байламда жұмыс істеулері керек», - деп атап өтті Халықаралық бизнес академиясының ректоры А.Қожахметов.

Тау-кен металлургия кешеніндегі инновациялар туралы бүгін түстен кейін өткен үшінші алқалы отырыстың қатысушылары да талқылады. Олар Қазақстанның ТМК инновациялық саясатының мәселелерін, құралдарын және механизмдерін, инновациялық саясаттын мемлекеттік қолдау шаралары, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік–конструкторлық құрылымдардың даму болашағын талқылады.

Д.Қонаев атындағы тау істері институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі директор орынбасары Ерік Едігенов, бүгін Қазақстанға тау-кен құрал-жабдықтарының 95 пайызға жуығы сырттан келіп жатқанын айтты: «Ал еліміздің ғалымдары тарапынан еліміздің тау-кен машина құрылысының дамуы қоры бола алатын тәжірибелік және өнеркәсіптік-тәжірибелік сынақтардан өткен бір қатар инновациялық техникалық шешімдер әзірленген».

Ол осы мәселеде институттың бір қатар жобаларын таныстырды.

Ж.Әбішев атындағы Химикалық-металлургиялық институттың болат металлургия лабораториясының жетекшісі Абулхасым Ахметов, «бар әлемде кендердің минералогиясы, металлургия процестері теориясы, метал тану және материал тану алаңдарындағы ғылыми зерттеулерге көп көңіл бөлінетіндігін» айтты. Ғалым қазақстандық мамандарды да зерттеулердің осы бағытына көңіл бөлуге шақырды. Ол «қазақстандық ғалымдардың қара металлургия мәселелері бойынша жасаған фундаменталды және қолданбалы зерттеулерінің қорытындысы көптеген кәсіпорындарға өндіріс деңгейін сақтап қалуларына, 90-шы жылдары аман қалуға мүмкіндік берді» деді. Ахметов мырза үкіметті, салалық институттарды заманауи аспап құрал жабдықтарымен жабдықтауын қаржыландыруды қарастыратын бірнеше мақсатты бағдарлама әзірлеуге шақырды.

«Қазмеханобр» өнеркәсіптік экология мемлекеттік үкіметтік емес ұйымның директоры Александр Клец, Қазақстанның барланған алтын қоры бойынша әлемде 18-ші орында (әлемдік қордың 1,6% ) тұрғандығын айтты. «Алайда Қазақстанда алтын шығаруды көбейту инновациялық технологиялар қолданған күнде ғана мүмкін болмақ. Метал шығарудың айтарлықтай артуы 90-шы жылдардың соңында болды. Алтын өндірісіндегі өсу жаңа алтын қазба кәсіпорындарының іске қосылуымен бастау алды. Осы жылдарда «Казмеханобр» құрамында алтын өте аз кендерден және техногенді қалдықтардан алтынды сілтіден айыру жаңа технологияларын әзірледі»,- деді Клец.

Өз кезегінде жер, металлургия және байыту туралы ғылым орталағының өкілі Александр Паничкин, Қазақстанда сирек кездесетін металлургияны дамыту маңызды деп есептейді. «2012 жылдан бастап әлем нарығын сирек кездесетін элементтермен негізгі жабдықтаушысы Қытай өз қажетін қанағатандырғандықтан көлемін азайтуды жоспарлап отыр. Бұл металдың бағасының өсуіне себеп болады. Осыған байланысты сирек металдар нарығы жаңа өндірісшілермен толығады деп болжануда. Қазақстан сирек металдың қорына бай, сондықтанда әлемдік нарықта стратегиялық орын алу үшін өзінің шикізат қорын және сирек металдарды өңдеу салаларын құруға бағытталуы керек», - дейді А.Паничник.

Алқалы отырыстың соңында ғылым және бизнес қауымдастықтарының тау-кен металлургия саласының инновациялық дамуы алаңында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қол қойған тараптар 2010-2014 жылдарда Үдемелі индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және Тау-кен металлургия саласының даму бағдарламасына сәйкес тау-кен металлургия саласының инновациялық даму алаңында ынтымақтасуға ниет танытып отыр.

Тараптар келесі мәселелер бойынша ынтымақтасуға келісті:

Екі жақты қызығушылықты, кәсіпорындардың даму шарттарының ерекшеліктерін, қолданыстағы материалды-техникалық қорды және қол астындағы қаржы мүмкіндіктерін есепке ала отырып, өзара мүддеге сай жобалар, тақырыптар және бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар әзірлеу және алдыға жылжыту.

Экспорт өнімдерінің жаңа түрлерін ала отырып, шикізатты өңдеудің кешендігін арттыру, жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті өнімдердің өндіріс көлемін арттыру, жаңа инновациялық технологиялар және ғылыми-техникалық әзірлемелерді игеру және енгізу арқылы минералды шикізаттың қазба және өңдеу процестерін өткізу барысында ұшырасатын экологиялық мәселелерді шешу.

Ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін, кейін сыртқы нарыққа бейімдей отырып, метал өнімдерін шығаруға бағытталған ақырғы қайта бөлулердің санын арттыру бойынша өндіріс құру.

Ынтымақтастық барысында жасалған өндірістік және зияткерлік меншіктің авторлық және басқа да құқығын қорғау, патенттеу мәселелерін шешу.

Ғылыми-техникалық мақалалар, әдістемелік оқулықтар, баспа және электрондық басылымдар әзірлеу және тарату.

Көрме, конференция, симпозиумдар ұйымдастыру, сонымен қатар ұқсас шараларға қатысу немесе мүдделерге өзара өкілдік ету.

Бүгін АММ-2011 аясында конгрестің серіктесі «PricewaterhouseCoopers» компаниясының бірінші басшыларға арналған алқалы отырысы және шебер сыныбы өтті.

Қосымша ақпарат үшін хабарласыңыз:

АММ Конгресінің медиа директоры

Ләззат Коккозова Данный адрес e-mail защищен от спам-ботов, Вам необходимо включить Javascript для его просмотра.

Астана қ.: Айнұр Мұқанова, PR менеджер

Моб.:+ 7 777 036 18 66; Тел.:+7 (7172) 24 06 56;

Данный адрес e-mail защищен от спам-ботов, Вам необходимо включить Javascript для его просмотра.

Алматы қ.: Гүлзия Асылбекова, PR менеджер

Моб.:+7  701 757 84 34; Тел.:+7 (727) 258 10 11;

Данный адрес e-mail защищен от спам-ботов, Вам необходимо включить Javascript для его просмотра. .
 
Почта

Іс-шаралар күнтізбесі

Яблоко
КҮНІ 2012 жылдың 4 наурызда
KIOSH
КҮНІ 2012 жылдың 26-27 сәуірде

ДАТА Маусым 2012
Яблоко
КҮНІ Маусым 2012
AMM
КҮНІ 2012 жылдың 4- 6 шілдесінде
Яблоко
КҮНІ Қазан 2012
Яблоко
КҮНІ Желтоқсан 2012