EXPO-KZ.KZ Казакша
Kazakh (Kazakhstan)Русский (Russian Federation)English (United Kingdom)
2012 жылы Қазақстан көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері, үлкен ғалым Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың туылғанына жүз жыл толуын кеңінен атап өтпек. Мерейтойлы жылды Димаш Ахмедұлының туыстары мен жақындары дайындаған бірегей фотоальбомның таныстырылымы ашпақ.
Д.А. Қонаевтың аса жарқын өмірбаяны көптеген жылдар бойы 20-шы ғасырдағы Қазақстан тарихымен тығыз байланысты, бұл жайт фотоальбомда толығымен көрініс тауып отыр. Альбомды Қазақстан Журналистика академиясының академигі Жандаулетов Валерий Айтмұқашевичтың редакциялауымен Д.А. Қонаевтың ұрпағы – Диар Асқарұлы Қонаев пен Дінмұхамед Диарұлы Қонаев дайындап шығарды.
Альбом Димаш Ахметұлының өміріндегі маңызды кезеңдерге сәйкес келетін бөлімдер бойынша құрылымдалған. Д.А. Қонаевтың Қазақстан басшылығында болған жылдарында жинақталған жеке мұрағаттағы бірегей фотосуреттері алғашқы рет жарияланбақ. Альбом беттерінен Дінмұхамед Қонаевтің ХХ ғасырдағы белгілі тарих тұлғаларымен және  саясат қайраткерлерімен – Индия басшылары Джавахарлар Неру және Индира Гандимен, АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр және Въетнам президенті  Хо Ши Минмен, Мысыр басшылары - Гамаль Әбдел Насер және Анвар Садатпен, Солтүстік Корея президенті Ким Ир Сен және Қытай премьері  Чжоу Энь Лаймен, Иран шахы Реза Пехлеви және Жапония Ясухиро Накасонэмен, Франция президенті Жорж Помпиду және Алжир президенті  Хуари Бумедьенмен, сондай-ақ, басқа да көптеген шетелдік қайраткерлермен түскен сирек суреттерін  көруге болады.
Сонымен қатар, Д.А. Қонаевтың өмір жолы қиылысқан Кеңес Одағы және Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлғалар - Г.Маленкова, К.Ворошилова, С.Буденный, Ю.Гагарин, Н.Хрущев, Л.Брежнев, Ю.Андропов, К.Черненко, М.Горбачев, Э.Шеварднадзе, Г.Алиев, Ш.Рашидов, В.Щербицкий, П.Машеров, А.Громыко, Г.Романов, Н.Назарбаев, Ж.Шаяхметов, Ж.Тәшенев, К.Сәтпаев, Б.Әшімов, А.Асқаров, М.Әуезов, Г.Мүсірепов, Б.Түлегеноваеның фотосуреттері де жарық көрген.
Фотоалбомда жақын туыстарымен демалыс кездерінде, Д.А. Қонаев өмір сүрген пәтерде түскен сирек отбасылық мұрағаттағы суреттерді  алғашқы рет көруге болады. Фотоальбомға енген қайраткердің марапаттары мен шетел мемлекет басшыларының берген сыйлықтары, оның жинаған суық және оқпен атылатын қару-жарақ  коллекцияларының және оттықтарының бірегей коллекциясының фотосуреттері аса қызықты болып табылады.
Альбом "Халықтың мәңгілік жадында" деген бөліммен аяқталады. Оған  Дінмұхамед Қонаевқа қойылған ескерткіштердің, ұлы тұлғаның құрметіне аталған мектеп, жоғарғы оқу орындары мен көшелердің суреттері, сондай-ақ, қылқалам шеберлерінің қайраткерге арнаған туындыларының суреттері енген. Д.А. Қонаевтың сәйкесінше өмір кезеңіне қатысты әрбір бөлім шағын өмірбаян анықтамасымен басталады.
Ұсынылып отырған фотоальбом 500 дана шағын тиражбен шығарылып, қоғамның кең жігі үшін қызықты болмақ. Тираждың бір бөлігі түрлі ұйымдар мен қайраткерлерге сыйлық ретінде тартылады.

Альбомды алу үшін төмендегі телфондар арқылы ЖОО Ехро-KZ-ке хабарласуларыныңызды сұраймыз.
Байланыстырушы тұлға: Раушан Мәсімова, + 7272 581011/12, 8777 677 8085


 
Почта

Іс-шаралар күнтізбесі

Яблоко
КҮНІ 2012 жылдың 4 наурызда
KIOSH
КҮНІ 2012 жылдың 26-27 сәуірде

ДАТА Маусым 2012
Яблоко
КҮНІ Маусым 2012
AMM
КҮНІ 2012 жылдың 4- 6 шілдесінде
Яблоко
КҮНІ Қазан 2012
Яблоко
КҮНІ Желтоқсан 2012